Елбасы не үшін Бердібек Сапарбаевқа ризашылығын білдірді?

Саясат
29.12.2020, 20:05

Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған 

Елбасы не үшін Бердібек Сапарбаевқа ризашылығын білдірді?

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Кездесуде Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Қазақстанның тұңғыш президенті Б.Сапарбаевқа «Қамқорлық» бастамасын қолдап, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады.

Сұхбат

PhotoRoom