Үкімет отставкаға кетуі керек – Тоқаев

Саясат
10.01.2021, 13:28

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

Үкімет отставкаға кетуі керек – Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді.

Мемлекет басшысы өз таңдауын елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде жасады.

«Заңнама бойынша Үкімет отставкаға кетуі керек. Мен сайлау аяқталғаннан кейін фракция жетекшілерімен, Премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатурасы бойынша депутаттардың жаңа құрамымен кеңесу үшін Парламентке барамын», - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы 15 қаңтарда үндеу жасайтынын айтты.

«Реформалар дайындалуда. Олар тоқтамауы тиіс. Мен 15 қаңтарда Парламентте Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасаймын. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді, онда реформалар бойынша маңызды мәселелер талқыланады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтіп жатыр. 

Сұхбат

PhotoRoom