Тоқаев ассамблея атынан сайланатын депутаттарға дауыс берді

Жаңалықтар
11.01.2021, 12:27

Елбасы да дауыс берді

Тоқаев ассамблея атынан сайланатын депутаттарға дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттарының сайлауында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан дауыс берді. Мұның алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА депутаттарын сайлауда дауыс бергені хабарланған еді.

Айта кетейік, ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер:

  • Сауытбек Әбдірахманов - Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
  • Аветик Амирханян - БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі;
  • Ілияс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
  • Наталья Деменьтева - Көкшетау білім басқармасының «Технический лицей» КММ директоры;
  • Юрий Ли – «Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы;
  • Вакиль Набиев -күрттердің «Барбанг» қауымдастығының" вице-президенті;
  • Шамиль Осин – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
  • Владимир Тохтасунов – «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры;
  • Абилфас Хамедов – «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы.

Айта кетейік, Мәжіліске сайланатын 107 депутаттың тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Сұхбат

PhotoRoom