Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілмек

Аймақ
13.01.2021, 18:59

Ақтөбе әуежайы 1933 жылы салынған

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілмек

Әуежайға Әлия Молдағұлованың есімін беру туралы халықаралық әуежайдан Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасына ұсыныс түскен. Бұл ұсынысты облыстық мәслихат депуататтары бірауыздан мақұлдап, ары қарай республикалық ономастикалық комиссияға жолдаған. Әуежай атауын өзгертуге қатысты республикалық комиссия оң қорытындысын беріп, соның негізінде Үкімет қаулы жобасын енгізу үшін бес министрлікке ұсыныс жолданды.  

Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысы кезінде жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. Оған 1944 жылдың 4 маусымында Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Әлия есімімен аталатын көшелер, ондаған мектеп (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы бар. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Петербор , Новосокольники қалаларында ескерткіш орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

Сұхбат

PhotoRoom