Қазақстанда Жауапты хатшылар институты таратылды

Жаңалықтар
19.01.2021, 14:00

8 министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

Қазақстанда Жауапты хатшылар институты таратылды

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Мемлекет басшысының өкімімен еліміздегі сегіз министрліктің жауапты хатшыcы қызметінен босады.

Атап айтқанда:

  • Жанат Мұратұлы Қожахметов – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Марат Әбілахатұлы Оразаев – Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Арман Дайырұлы Жұмабеков – Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Талғат Амангелдіұлы Момышев – Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Президент жолдауында министрліктерде жауапты хатшы қызметін қысқартуды тапсырған еді. Олардың міндеті министрліктердегі аппарат жетекшілеріне ауыстырылады.

Сұхбат

PhotoRoom