Петропавлдық келіншек қызын өлімші етіп сабады – бала жансақтау бөліміне түсті

Аймақ
21.01.2021, 19:19

Баланың анасы уақытша қамауға алынды

Петропавлдық келіншек қызын өлімші етіп сабады – бала жансақтау бөліміне түсті

Петропавл қаласында 22 жастағы келіншек 3 жасар қызын аса қатыгездікпен ұрғаны үшін айыпталып отыр. Жансақтау бөліміне түскен баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда облыстық балалар ауруханасынан полиция бөлімшесіне 3 жасар қыздың дене жарақатымен және ессіз күйде жеткізілгені туралы ақпарат түскен. 

«Денсаулыққа ауыр жарақат келтірді деген күдікпен баланың анасы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлігі "Кәмелеттік жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осыған орай, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды», - дейді полицейлер.

Айта кетейік, бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оған қоса қылмыс аса қатыгездікпен жасалып отыр.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, баланың анасы бұған дейін жауапқа тартылмаған. Тәртіп бұзбаған. Қазір ол Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр.

Сұхбат

PhotoRoom