Өткен жылы жол апатынан 2,5 мыңға жуық адам қаза тапты

Рейтинг
25.01.2021, 11:20

ЖКО салдарынан кәмелет жасқа толмаған 4 мыңнан астам адам зардап шекті

Өткен жылы жол апатынан 2,5 мыңға жуық адам қаза тапты

Қазақстанда өткен жылы жол апатынан 2 жарым мыңға жуық адам қаза тапты. Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен хабарланды.

2020 жылы ел бойынша 13 515 жол апаты (2019 жылы – 16 614) тіркелді. Салдарынан 19 841 адам зардап шекті (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3% аз – 24 585), оның ішінде 17 844 адам жараланды (2019 жылы 22 180, 19,5%-ға төмендеді).

Жол апаты салдарынан өткен жылы – 2405 адам қаза тапты.

ЖКО-дан зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 4321-ден (2019 жылы) 3140-қа дейін төмендеді (ағымдағы жылы) және зардап шеккендердің жалпы санының 15,8%-ын құрайды.

Жол оқиғаларының негізгі бөлігі елдімекендерде орын алады. 2020 жылы 10 080 ЖКО жасалды, бұл жалпы санының 74,6%-ын құрайды (2019 жылы – 12 686 ЖКО).

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, ЖКО-ның 86%-дан астамы жүргізушілер кінәсінен болған (11 717, 2019 жылы – 13 857), оның ішінде 544 (631) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған.

Статистика көрсетіп отырғандай, соқтығысудан болатын өлім ЖКО-да қаза болғандардың жалпы санының 36%-ын құрайды және «өлім» жағдайларының саны бойынша бірінші орын алады.

Екінші орын – жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты жол көлік оқиғалары. Бұл ретте ЖКО-да қаза болғандардың жартысынан астамы (65% немесе 1298 адам) ЖКО-ның көрсетілген екі түрінің үлесіне (соқтығысу және жаяу жүргіншіні қағып кету) келеді.

Жол қозғалысы қағидаларында немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтың артуынан 3732 ЖКО немесе ЖКО жалпы санының 27,6% жасалды.

Алматы қаласында адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан ЖКО-ның 24%-ға жуығы немесе 3245 фактісі жасалған. Тиісінше, бұл жерде ЖКО-дан зардап шеккендердің ең көп саны тіркелген (3 891).

Елордада 466 ЖКО, Шымкент қаласында 322 ЖКО тіркелді.

Жол-көлік оқиғаларының ең аз саны Атырау – 232 және Солтүстік Қазақстан – 238  облыстарында жасалды.

Сұхбат

PhotoRoom