Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының үш орынбасары тағайындалды

Саясат
04.02.2021, 12:27

 

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы - Жанат Элиманов

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының үш орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының үш орынбасары тағайындалды:

  • Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына;
  • Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына;
  • Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстанда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Президент жарлығымен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып Жанат Қалдыбекұлы Элиманов тағайындалды.

Жаңа агенттікке Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

Жаңа агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Қаржы министрлігінің құқықтары мен өкілеттіктерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

Мемлекет басшысы ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның құрамы мен ережесін бекітуді тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom