КВИ-ге қарсы отандық вакцинаның клиникалық сынағы жіті бақылауда – Дәурен Абаев

Жаңалықтар
04.02.2021, 14:32

Экс-министр міндетті түрде вакцина салдыратынын айтты

КВИ-ге қарсы отандық вакцинаның клиникалық сынағы жіті бақылауда – Дәурен Абаев

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақ нәтижелері жіті бақылауда тұрғанын атап өтті.

«Таяуда ғана елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Бұл процесс халықты иммундауды жақтаушылар мен оған қарсылық танытушылардың арасындағы талас-тартыспен өтіп жатыр. Өкінішке орай, ұтымды дәлелдермен қатар дауласушылар жиі кемсітушілікке жол беріп жатады. Мен вакцинацияны жақтаймын. Екпе жасатамын ба? Иә, сөзсіз. Кезегім келген сәтте-ақ мұны жария түрде жасауға дайынмын», - деді ол.

Дәурен Абаевтың қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақ нәтижелері жіті бақылауда тұрғандығын атап өтті.

«Қазір үшінші кезеңі өтіп жатыр. Тиімділігі жоғары. Күрделі жанама әсерлері тіркелген жоқ. Біздің вакцинаға инактивтелген, яғни өлген вирус негіз болған. Ол ағзамызды қорғайтын антиденелердің түзілуіне септігін тигізеді. Әзірлеуші – Биологиялық қаупсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты барлық құжатты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына береді. Бұған қоса, біз ешқайда да асығып отырғанымыз жоқ. Барлығы тыңғылықты тексеріледі. Бұл істе асығыстыққа жол беруге болмайды», - деді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар ол әлемдегі оқиғалар отандық вакцинаға басымдық беру стратегиялық дұрыс шешім болғандығын көрсеткенін атап өтті.

«Себебі қарапайым – бұл вакцинаның жетіспеушілігі. Бүгінде батыс елдері олардың экспортына шектеу енгізіп жатыр. Әлем өзгеруде. Әркім өзі үшін. Ондаған ел жаһандық иммундаудан тысқары қалу қаупінде тұр. Бұл нені білдіреді? Ең алдымен, оларға коронадағдарысты еңсеру үшін уақыт біршама ұзағырақ қажет болады. Ал олардың азаматтары жер шарының көптеген бұрышында ұнамсыз қонаққа айналады. Президент айтқандай, Қазақстанда вакцинация мүлдем тегін. Әрине, бірінші кезекте дәрігерлер, инфекциялық ауруханалардың қызметкерлері, коронавируспен күрестің алғы шебінде жүргендер екпе алады», - деді Дәурен Абаев.

Сұхбат

PhotoRoom