Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

Мәдениет
11.02.2021, 10:53

Бұл туралы Әнші MTV USA арнасына берген сұхбатында айтқан

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

Димаш Құдайберген жеке шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшетінін айтты. Әнші MTV USA арнасына ағылшын тілінде сұхбат берді. Димаш Кевин Кеннимен болған тоғыз минуттық әңгімесінің үзіндісін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Димаштың айтуынша, оған жанкүйерлерімен әңгімелесу, ата-анасының қуанышы шабыт сыйлайды. Сондай-ақ, ол Қытайдағы өмірі жайлы айтты. Ел тұрғындарының өзін жылы қарсы алғаны ұнады деді.

«Менің қытайлық аудиториям өте мейірімді, қамқор», - деді ол.

Ал музыканың, шоу-бизнес пен өнердің ордасы АҚШ-қа ол жеке шығармашылығын дамыту үшін көшуді жоспарлап отырғанын айтты. Бірақ «отбасым өмір сүріп жатқан жер әрдайым сүйікті мекенім болады» деді әнші.

Сұхбат

PhotoRoom