Саунада демалған семейлік полицейлер қызметінен босатылды

Аймақ
16.02.2021, 18:27

Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Саунада демалған семейлік полицейлер қызметінен босатылды

ШҚО Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы 29 қаңтарда учаскелік полиция инспекторларының Семейдегі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р.С. Сұңғатовпен бірге монша кешеніне бару фактісі бойынша (Семей – ред.) қызметтік тергеу жүргізді.

Тексеру нәтижесіне сәйкес, қызметтік тәртіпті бұзуға жол бергені үшін Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р.С. Сұңғатов атқарып отырған лауазымынан босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін Семей қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғалары атқарып отырған лауазымынан босатылды. Монша кешенінде болған полиция қызметкерлеріне қатысты уәкілетті органға (ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін аталған қызметкерлерді әкімшілік жауапқа тарту үшін тиісті материалдар жолданды», - делінген хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom