Tengri Bank-тің бұрынғы төрағасы ұсталды – ҚМА

Құқық
17.02.2021, 13:03

16 ақпанда Tengri Bank ресми түрде жабылды

Tengri Bank-тің бұрынғы төрағасы ұсталды – ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігіндегілер Tengri Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкеновтің ұсталғанын растады.

«16 ақпанда Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде Tengri Bank-тің бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновті ұстады. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті лицензиясынан айырды. 2020 жылдың 2 ақпанында Қаржылық мониторинг агенттігі Tengri Bank акционерлік қоғамының басшылығында болған екі адамға іздеу жариялады. 2020 жылдың 16 ақпанында Tengri Bank ресми түрде жабылды.

Сұхбат

PhotoRoom