Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Жаңалықтар
01.03.2021, 10:28

Ержан Біржанов бұған дейін ҰҚК-да қызмет атқарған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады.

1999 жылдан 2004 жылға дейін СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2014 жылға дейін Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2014 жылғы наурыз-қараша аралығында — ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.

2014 жылғы қарашадан 2017 жылға дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің даму және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін — «Қазимпэкс» республикалық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2017-2018 — Ұлттық қауіпсіздік комитетінде департамент басшысы.

2018 жылдан 2020 жылдың сәуір айына дейін «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жұмысын бақылау және үйлестіру департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

Сұхбат

PhotoRoom