Қаржы вице-министрі тағайындалды

Жаңалықтар
02.03.2021, 18:26

Дәурен Кеңбейіл бұған дейін аталмыш министрлікте департамент басшысы болған

Қаржы вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Дәурен Маратұлы Кеңбейіл Қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Дәурен Кеңбейіл 1984 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болып бастаған.

2006-2013 жылдары - Қаржы министрлігінің қазынашылық комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2013 жылы Қаржы министрлігі концессиялық жобалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

2017-2019 жылдары - Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының орынбасары.

2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін - Қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры.

Сұхбат

PhotoRoom