Түркістан облысында жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді

Аймақ
04.03.2021, 18:16

Төлеби ауданының тұрғыны үшем дүниеге әкелді

Түркістан облысында жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді

Ленгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаева облыстық №1 периниталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, облыста жыл басынан бері осымен екінші үшем дүниеге келді.

Жаңа туылған нәрестелерге Балжан, Мағжан, Тоғжан есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көметімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған. Үшемдер перзентханадан шығуға әзір. Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көпбалалы ананың өзі де мектепте жұмыс істейді.

«Әрине, қорқыныш болды. Алланың сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімді бағып, күткен дәрігерлерге шексіз алғыс білдіремін», - дейді үшемнің анасы.

Түркістан облысында жыл басынан бері 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Сұхбат

PhotoRoom