Тоқаев ауырмайтын жол іздеуге шақырды

Жаңалықтар
11.03.2021, 12:08

Президенттің айтуынша, індет қаупі әлі сейілмеген

Тоқаев ауырмайтын жол іздеуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бір жыл бұрын ДДСҰ-ның пандемия басталғанын мәлімдегенін еске салды.

«Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік», - деп жазды Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, дерттің қатері әлі де сейілген жоқ.

«Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын», - деді Президент.

Сұхбат

PhotoRoom