Қарағандыда жыныстық қатынас кезінде жезөкшені өлтірген ер адам сотталды

Аймақ
11.03.2021, 15:16

Одан 10 млн теңге моральдық шығын өндірілді

Қарағандыда жыныстық қатынас кезінде жезөкшені өлтірген ер адам сотталды

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ақылы түрде интимдік қызмет көрсететін әйелді өлтіру және оның мүлкін ұрлау дерегі бойынша К-ға қатысты іс қаралды. 

Сот тергеу барысында алқабилердің қатысуымен қылмыстық істің құжаттары, тергеу амалдарының нәтижесі, заттай дәлелдемелер, сараптамалардың қорытындысы зерттелді.

«Жоғарыда аталған дәлелдердің негізінде, жыныстық қатынас кезінде К. жәбірленушінің жеке мүлкін ұрлау мақсатымен, Д-ның мойнына барсетканын бауын салып өзіне қарай тартқан, яғни оның тыныс алу жолдарын жапқан. Нәтижесінде жәбірленуші асфиксия салдарынан сол жерде көз жұмғаны анықталды. Содан кейін К. жәбірленушіге интимдік қызмет көрсеткені үшін төлеген ақшасын, оның ұялы телефоны мен алтын бұйымдарын ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған», - делінген хабарламада.

Ақабилердің үкімімен Қылмыстық кодекстің 99- бабы 2-бөлігі 8- тармағымен, пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және ҚК 188-бабының 1- бөлігімен, яғни ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны қылмыстық атқару жүйесінің барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.

Жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық залалды өтеу есебінде 10 000 000 теңге өндірілді.

Сұхбат

PhotoRoom