Тоқаев жарлыққа қол қойды: Түркістан облысында жаңа аудан құрылды

Аймақ
15.03.2021, 09:38

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Тоқаев жарлыққа қол қойды: Түркістан облысында жаңа аудан құрылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан  Республикасының  әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР заңының 9-бабына сәйкес жарлық шығарды.  

Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.

«ҚР Үкіметі осы жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Президент жарлығында.

Сұхбат

PhotoRoom