Иманбек Зейкенов Roses ремиксімен Grammy жүлдесін жеңіп алды

Мәдениет
15.03.2021, 09:44

Grammy басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті

Иманбек Зейкенов Roses ремиксімен Grammy жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясымен Grammy жүлдесін жеңіп алды.

Grammy басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті. Grammy-ге ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек жеңімпаз атанды.

«Анама, әкеме, командама, менеджерім Кириллге рақмет. «Грэммиге» рақмет», - деді Иманбек Зейкенов 2021 жылғы «Үздік ремикс» аталымы бойынша жеңімпаз жарияланғаннан кейін.

Оның нұсқасында трек хит болғанын және 20 аптадан астам уақыт қатарынан Billboard Hot 100 үздік ондығында тұрды. Ремикс Apple Music-тің топ-10-ға кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 22 миллионнан астам қаралды, ұзақ уақыт бойы «Яндекс. Музыка» чартында бірінші орынға ие болды.

Трек бірнеше чартта, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда көш бастап, The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber сияқты әртістерден озық болды.

Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Музыканттың айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.

Ал Roses SAINt JHN’s түпнұсқасының орындаушысы 2016 жылы шыққан трек танымал бола кеткеніне таңғалмағанын айтты.

Сұхбат

PhotoRoom