Сенат зияткерлік меншік саласын реттеу құжатын мақұлдады

Рейтинг
05.02.2015, 13:30

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Әділет министрі Берік Имашевтің айтуынша, заң жобасының мақсаты зияткерлік меншік нысанының тіркелу рәсімін оңайлату және құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында әкімшілік кедергі келтіретін нормаларды алып тастау болып табылады. «Авторлық құқық саласында енгізілетін түзетулер ұжымдық ұйымдардың қызметін нақтылауға, осы ұйымдар қызметін айқындау мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл ретте қолданыстағы заңнамада ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың (ұжымдық ұйымдар) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін авторлық сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша міндеті белгіленген. Өкінішке орай, тәжірибеде мұндай ұйымдар сыйақының жинақталған көп бөлігін өздерінің жеке шығыстарын өтеуге қалдырып жатады. мұндай фактілер баршылық», - дейді Әділет министрі. Осыған байланысты, заң жобасында ұжымдық ұйымдар тарапынан асыра пайдалануды жою шаралары көзделеді. Мәселен, ұйымның сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өзінің нақты шығыстарын өтеуге жиналған сыйақыдан ұсталатын соманың шекті пайызын белгілеу қарастырылған.Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, оны жиналған сыйақы сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерінде белгілеу ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, нақты авторлар мен орындаушыларға бөлінген және аударылған,  жиналып қалған сыйақыларды ұжымдық ұйымдардың шотында сақтау белгіленеді.

Заң жобасында өнертабысқа арналған патентке ұқсастығы бойынша селекциялық жетістікке арналған патентті күшінде қалдыру үшін төлем жасау мерзімін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін норма көзделген. Сондай-ақ заң жобасы өнертабысқа арналған қорғау құжатының түрі ретінде инновациялық патентті алып тастауды көздейтін Патент заңына түзетулер енгізуді ұсынады.

Қазақпарат

 

Сұхбат

PhotoRoom