Декларацияланбаған ақшаны шекарадан алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

Аймақ
08.04.2021, 11:56

Қаражат көлемі - 88 700 АҚШ доллары

Декларацияланбаған ақшаны шекарадан алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

6 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіндегілер Түркістан облысындағы «Жібек жолы» өткізу бекетінде 88 700 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған ақша қаражатын тасымалдау фактісінің алдын алды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметінен хабарланды. 

«Қазақстаннан шығуға бет алған жүріс-тұрысы күдікті С. есімді Өзбекстан азаматы ұсталды. Тексеру барысында С. есімді азаматтан (киім астына) жасырылған ақша қаражаты табылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Бұл Жібек жолы» өткізу бекетінде ақша қаражатын заңсыз алып-өтуге қатысты алғашқы жағдай емес.

Сұхбат

PhotoRoom