Тоғыз адам: Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Аймақ
09.04.2021, 11:58

Күдіктілердің төртеуі қамауға алынып, бесеуі қолхатпен босатылды

Тоғыз адам: Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Түркістан облыстық Полиция департаментіне Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданып, үш ер адамның қорқытып, шамамен төрт миллион теңге ақша талап еткенін айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне (бопсалау) тіркеді.

Қылмыстың ауырлығын ескеріліп, осы жағдайға қатысты Полиция департаменті мен ҰҚКД тәжірибелі қызметкерлерден тұратын бірлескен топ құрды. Жедел-іздестіру барысында осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды. Олардың барлығы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болып шықты.

Барлығы тоғыз адам ұсталды - олар Қазығұрт, Келес және Сарығаш аудандарының тұрғындары. Күдіктілердің төртеуі ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері, ал үшеуінің бұрын бұзақылық, адам ұрлау және террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту үшін сотталғаны анықталды.

Күдіктілердің төртеуі қамауға алынып, бесеуі қолхатпен босатылды. Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде нөмірлік белгісі зақымдалған шолақ мылтық пен металл кастет табылып, тәркіленді.

Сұхбат

PhotoRoom