Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

Жаңалықтар
16.04.2021, 12:17

Ұлан Әліпов ұлттық компания басшылығында 2 жылдан астам уақыт болды

Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды», - деп жазды ол.

Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ол Ұлттық компания басшысы болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалды.

Ұлан Әліпов 2013-2014 жылдары «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Еске сала кетейік, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың сапасына байланысты мәселе көтерді.

Сұхбат

PhotoRoom