Вакцинация: үш өңір жоспардан қалып отыр

Жаңалықтар
20.04.2021, 11:24

Алксей Цой пандемияға қатысты болжамын айтты

Вакцинация: үш өңір жоспардан қалып отыр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы вакцинациялау процесі қалай жүріп жатқанын айтты. Жоспар бойынша, сәуір айында 2 млн қазақстандыққа вакцина салынуы керек.

«Вакцинациялау жоспарға сай кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Айдың соңына дейін 2 млн азаматты вакцинациялау жоспарланған. Мониторинг нәтижесі бойынша үш өңір вакцинациялаудың тиісті мерзімінен артта қалып отыр. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау және Қарағанды облыстары», - деді министр.

Қазір өңірлерде вакцинациялау жұмысы 1051 пунктте жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек 303 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылған. Иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкері тартылған.

«Вакцинациялау жоспарға сай жүргізілсе, мамыр айының ортасында КВИ жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 4000 жағдайға дейін жетуі мүмкін. Бірінші кезеңде вакцинацияның әсері иммунитетті дамыту үшін біршама уақытты қажет етеді. Ал кейіннен вакцинаның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әкеледі», - деді министр.

Сұхбат

PhotoRoom