АҚШ президенті Тоқаевтың саяси реформаларына қолдау білдірді - СІМ

Саясат
23.04.2021, 10:20

Жуырда С5+1 диалог платформасының онлайн-отырысы өтеді

АҚШ президенті Тоқаевтың саяси реформаларына қолдау білдірді - СІМ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сұхбаттасты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

М. Тілеуберді Президент Қ. Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті. АҚШ мемлекеттік хатшысы, өз тарапынан: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын» мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.

Сұхбат

PhotoRoom