ШЫМКЕНТТЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Рейтинг
11.11.2024, 10:59
ШЫМКЕНТТЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Креативті индустрия - әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Бұл материалдық ресурстар мен адами капиталды қамтитын қызметтің жаңа түрі.

Қазақстан Президенті Қ.Ж.Тоқаев креативті индустрияны дамытудың позитивтілігіне назар аудара отырып: "Қазіргі әлемде азаматтардың шығармашылық әлеуеті мен зияткерлік капиталына негізделген "креативті өндіріс" нағыз инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі болып табылады. Сонымен қатар, шығармашылық экономика талантты, өнерге жақын адамдарды тартатын ірі қалалардың дамуының қозғаушы күшіне айналуда", - деді.

Қазақстанда креативті индустрияларға жататын экономикалық қызметтің 43 негізгі түрі бекітілген. Ал Шымкентте креативті индустрияның бес басым бағыты анықталды: кино және анимация, дизайн және сән, IT және ойын әзірлеу, сондай-ақ қолөнер мен музыка. Қазіргі уақытта кәсіпкерлерді қолдаудың "Іскер қала" өңірлік бағдарламасы іске асырылуда. Оның шеңберінде кәсіпкерлерді 5 жылға дейінгі мерзімге 10 млн тн дейінгі сомаға 1% - бен кредиттеу көзделген. Креативті индустрия субъектілеріне жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы креативті индустрия қауымдастығымен бірлесіп жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бірқатар жәрмеңкелерді сәтті өткізді. Жәрмеңкелерге қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер мен суретшілерді қосқанда 25-тен астам қолөнершілер қатысып, өз өнімдерін сатылымға шығарды. Жалпы сомасы 2 780 000 тонна болатын 1450 тауар сатылды. Бұл жәрмеңкелердің негізгі мақсаты -креативті индустрия кәсіпкерлеріне өз өнімдерін табысты монетизациялауға жәрдемдесу болды. Қазіргі уақытта Шымкентте жас және шығармашылық қала тұрғындары үшін креативті идеяларды дамыту және тың идеялармен алмасу үшін — жайлы кофеханалар мен арт-кеңістіктерден бастап заманауи галереялар мен концептуалды студияларға дейін 7 кеңістік ұйымдастырылып, тиімді жұмыс істеуде.

Туризм және онымен байланысты инфрақұрылым Шымкенттегі креативті индустрияны айтарлықтай дамытып қана қоймай, мегаполистегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді. Бұл тұрғыда әртүрлі әдістемелер – кездесулер мен келіссөздер, көрнекі ақпаратты орналастыру, егіз қалалар деңгейіндегі кездесулер, интернет-кеңістікте бейнероликтер орналастыру, ақпараттық дүңгіршектердің ашылуы мен жұмысын қамтитын көп қырлы жұмыс жүргізілуде. Мұның бәрі мегаполис ауқымында шығармашылық индустрияны дамытуға мүмкіндік береді.

Сұхбат

PhotoRoom