Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алды

Жаңалықтар
28.04.2021, 10:43

Екпеден Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмаған

Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр», - деп жазды Берік Уәли.

Ол сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайтынын жеткізді.

«Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді», - деді Б. Уәли.

Сұхбат

PhotoRoom