Қазақстанда 750 млрд теңге несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді

Экономика
04.05.2021, 11:39

Екінші деңгейлі банктердегі кредиттер бойынша төлемдерді 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру жөнінде шаралар қабылданды

Қазақстанда 750 млрд теңге несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қаралды.

2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында шағын және орта бизнес субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтарды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Бұл бизнеске шамамен 200 млрд теңгені сақтауға мүмкіндік берді.

ШОБ субъектілерінің салықтық және кедендік берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Бұл бизнеске айналым капиталы үшін 279 млрд теңгені босатуға көмектеседі.

Екінші деңгейлі банктердегі кредиттер бойынша төлемдерді 1 шілдеге дейін кейінге қалдыру жөнінде шаралар қабылданды. Кейінге қалдырылған төлемдер көлемі 750 млрд теңгені құрайды.

Үкімет басшысы ұлттық экономика министрлігіне Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы жаңартылған кешенді жоспардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар бизнесті салықтық ынталандыру жөніндегі заңнамалық түзетулер пакеті қабылданып, 1 маусымға дейін парламентте тиісті жұмыс жүргізілуге тиіс екенін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom