Үкімет үш айда орындай алмаған жоспарын 1 айда жүзеге асырмақ

Әлеумет
04.05.2021, 12:07

Мамырда 2 млн адам вакцина алады 

Үкімет үш айда орындай алмаған жоспарын 1 айда жүзеге асырмақ

Өңірлерге 2,3 млн астам вакцина жеткізілді. 1,5 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алды. Бұл вакциналауға жататын халықтың 15%-ы. Қоймаларда вакциналардың жеткілікті қоры бар.

«Мамырда екі миллионнан астам адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспары орындалуы тиіс», - деді Асқар Мамин.

Жалпы, республикада коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпаннан басталды. Бүгінге дейін, яғни үш айда бас-аяғы 1,5 млн қазақстандық вакцина алды. 

Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцина қолжетімді болады. Қазір елімізде «Спутник V» және отандық QazVac вакцинасын егу жүргізіліп жатыр. Енді оған БАӘ-де қытай технологиясымен өндірілетін Hayat-Vax вакцинасы қосылады.

Үкімет жоспары бойынша, қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады.

Сұхбат

PhotoRoom