«ТАУ ТҰМАР» ТАЙ КӨКПАР ӨТТІ

Рейтинг
29.10.2024, 16:40
«ТАУ ТҰМАР» ТАЙ КӨКПАР ӨТТІ

Көкпар – көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнері. Ұлттық ойыны.
Шымкентте алғаш рет боз балалар арасында дүбірлі дода – тай көкпар өтті. «Тау тұмар» тай көкпары ҚР мәслихаттарының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Бұрын-соңды болмаған бәсекеге республиканың түкпір-түкіпірінен 1000-нан аса жасөспірімдер келіп қатысты. Тіпті көршілес Қырғыз елінен де қатысушылар келді.

Балалар жастығына қарамастан, додаға атойлап, тайсалмай кірді. Төрешілердің айтуынша көкпар тартатын баланың жасы 11-13 жас, тай 1 жасар болуы шарт.
Көкпар – қазақтың дәстүрлі ұлттық ойыны, қанына сіңген қасиеті. Елден бата алу үшін көкпар беру – халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүрі. Ұлттық спорттың болашағы – жас шабандоздардың мықтылығы сарапқа салынған додада әр салымға ақшалай сыйлық берілсе, өгіз өлдіге автокөлік тігілді.


Елімізде Ұлттық Федерация құрылғаннан кейін көкпар жаңа деңгейге көтеріліп, дами бастады. Қазақ көкпаршылары халықаралық турнирлерге қатыса бастады, ел ішінде де жүйелі жоспар бойынша көкпар сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймағында арнайы көкпар клубтары, спорт мектептері бар. Онда спортшылар дайындалып, түрлі сайысқа қатысып, разряд, атақ алады. Сайыстардың ең маңыздысы - Қазақстан чемпионаты. Чемпионат дәстүрлі түрде 2001 жылдан бері ұйымдастырылады және 7 күнге созылады. 


Қасым-Жомарт Тоқаев спорт резервін әзірлеу ісінде балала мен жасөспірімдер спорт мектептері негізгі рөл атқаратынына назар аударып, олардың жұмысын жүйелеу жөнінде мәселе қозғаған болатын. Сонымен қатар, мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше мән беріліп жатқанына назар аударып, елімізде қыркүйек айында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мән-маңызы туралы үнемі айтып жүр.
«Елімізде 500-ден астам Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі бар. Бірақ олардың қызметінде түйткілді мәселелер аз емес. Осындай мектептердің бағдарламасына кірген 162 спорт түрінің тек 52-сі ғана олимпиадалық спорт түріне жатады», – деді Президент.

Сұхбат

PhotoRoom