Қан тапсыру – донорлық рәсім. Донордан алынатын қанның стандартты мөлшері – 450 мл. Донор сөзі латын тілінен аударғанда тарту ету, сыйлау деген мағынаны білдіреді.
- Ересек адамнан қанның мөлшерін алу оның хәлі мен физиологиялық қызметтеріне еш әсер етпейді. Қан тапсырмас бұрын донор дәрігерлік тексеруден өтеді. Сондықтан, оның денсаулығына келер зиян жоқ. Тіпті, науқастан аздаған мөлшерде қан алу оған сауықтырушы ретінде ықпал етеді. Қан қауіпсіздік үшін бір рет қана қолданылатын, зарарсыздырылған гемаконға алынады. Гемакон дегеніміз- қанның емдік қасиетін жоғары сапада сақтау үшін арнайы полимерлі материалдан жасалған ыдыс. Донордан алынған қан, қанды айналдыру үшін қолданылатын машина центрифугадан өткізіледі.Онда қаннан плазма, тромбоцит және эритроцит концентраты деп аталатын негізгі үш компонент алынады, - дейді қан орталығының дәрігері Индира Тұрсыналиева.
Кәмілеттік жасқа толған, дені сау, донор болуға қарсы медициналық көрсеткіші жоқ Қазақстанның кез келген азаматы донор бола алады. Жүкті әйелдер, қан қысымы тұрақты емес адамдар, қаназдықтан зардап шегетін тұрғындар, сондай- ақ, 18 жасқа толмағандар мен жұқпалы аурумен ауыратын адамдар донор бола алмайды. Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады. Қан алу шарасы арнайы қан орталығында жүзеге асырылады. Донор мен реципиенттің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан орталығында дәрігерлер бірнеше тексеріс кезеңін жүзеге асырады.
Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетіп отыр. Қан тапсырған адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, ол қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады. Тұрақты түрде қан тапсыратын азаматтардың организмнің нығаюы (апат кезінде, күю кезінде, ауыр операцияда қан жоғалтуға тұрақтылық) байқалады. Слнымен қатар, қан түзеу үдерісін ынталандыруға байланысты жастық шақты ұзарту, организмнің қайта жаңғыруы, жүрек-қан тамыр кеселдерінің профилактикасы, иммундық жүйе кеселдерінің, ас қорыту бұзылыстарының, атеросклероздың, бауыр ауруларының алдын алу, ағзадан артық заттарды шығару сияқты организмде өзгерістерді байқауға болады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қашанда халық денсаулығын жақсарту,медицина саласын дамытуға қатысты нақты міндет жүктеп,оны орындауға қатысты тапсырма беруде. Өзінің жыл сайын халыққа арнайтын Жолдауында да медицина саласына кеңінен тоқталып, оның заман ағымына қарай бейімделуін, жоғары қарқынмен дамуын тез арада қолға алу қажеттігін нықтап айтты. Әділетті Жаңа Қазақстанға бет бұрған, өзгеріс пен жаңашылдықты көздеген мемлекет алдында қоғамдағы басты байлық саналатын адам өмірінің денсаулығын сақтау үшін медицина бұрын-соңды болмаған қарқынмен даму қажеттігін әңгіме өзегіне айналдыра отырып, өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Бірінші-ұлт денсаулығы. «Ұлт саулығы жақсы болса жаңа қоғам орнықты дамиды» деген болатын.