Маңғыстау облысында көшелердің біріне Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді

Аймақ
08.06.2021, 14:27

Биыл Қарағандыдағы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілетіні айтылды

Маңғыстау облысында көшелердің біріне Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді
көрнекі фото

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылындағы көшелердің біріне Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді.

Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Марат Болысовтың айтуынша, облыстық ономастика комиссиясы аудан көлемінде ескірген және қайталама атаулары бар көшелерді қайта атау шешімін қабылдады.

«Тарихи тұлғалардың есімдерімен көше атауы жаңарады. Осы орайда, Бейнеу және Ақжігіт ауылындағы көшелерге жаңа атау берілді. Мәселен, М. Хибас көшесімен бағыттас орналасқан Мәди Бегенов көшесі енді Әлихан Бөкейханов көшесі болып белгіленді. Бұл ақпараттың барлығы облыстық ономастика комиссиясына алдын ала жіберіліп, көше атауын өзгертуге рұқсат берілді», - деді Марат Болысов.

Сұхбат

PhotoRoom