Тендерді талапайға түсірмейтін заң жобасы таныстырылды

Рейтинг
05.02.2015, 13:39

Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасының таныстырылымы өтуде. Жаңа редакцияланудан өткен заңның нормалары туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды BNews.kz

«Заң жобасының негізгі мақсаттары мемлекеттік сатып алулар ережесін жеңілдетіп, жемқорлыққа жол беретін жайттарды азайту, әлеуетті тауар жеткізушілердің құқықтары мен мүддесін қорғау және мемлекеттік сатып алуға қатысатын тараптардың жауапкершілігін арттыру», - деп атап өтті таныстырылым барысында қаржы министрі.

Б.Сұлтановтың айтуынша, бұл заң жобасын қабылдау арқылы бірқатар мәселелердің шешімін табуға болады. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу тәртібін түгелдей электронды форматқа ауыстыруға болады. Бұдан өзге, бір тарап өткізетін сатып алулардың үлесін азайтып, сатып алулар туралы веб-порталды өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен байланыстыруға болар еді.

«Заң жобасы арқылы келісімшарт жасау жолын түгелдей электронды форматқа ауыстыру көзделуде. Бұл арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері туралы толық ақпарат беруге және олардың орташа бағасын анықтауға болады. Осылайша, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бағаны прайс-парақтарға қарап емес, веб-порталда шығып тұратын орташа бағаға қарап белгілей алатын еді», - деп түсіндірді Б.Сұлтанов.

 

Сұхбат

PhotoRoom