Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті: кісі өлімі тіркелді

Аймақ
14.06.2021, 10:39

Қайғылы жағдай бүгін таңертең Алатау ауданында болған

Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті: кісі өлімі тіркелді

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 14 маусымда сағат 07.00-де Алматы қаласы Алатау ауданында Hyundai Elantra маркалы қызметтік көлікпен келе жатқан Т.есімді полиция қызметкері Өтемісұлы көшесінде кенет маневр жасай бастаған көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетті, сол жерде жаяу жүргінші - С.есімді азаматты қағып кеткен. Сондай-ақ, жүргізушісі көлігінен тыс жерде тұрған «Газель» автокөлігін соқты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Кейінірек, Әлеуметтік желіде жол апатына себепкер болған полицей Бақтияр Төлеутайұлының бұл жағдайға қатысты жауап беріп, өзінің толық кінәлі екенін мойындаған видеосы тарады.

«Мен Төлеутай Бақытжан Қайыржанұлы, Алматы қаласы Алатау ауданында полиция қызметінде жұмыс істеймін. Бүгін Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда алдымнан автокөлік солға қарай бұрылмақшы болып, мен одан қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмас үшін сол жаққа қарай - автожуу жаққа қарай бұрылып кеттім. Сол кезде байқаусызда әйел адамды қағып кеттім. Кінәмді толық мойындаймын. Ол кісінің отбасына шын көңілден қайғырып көңіл айтамын», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom