Алдағы оқу жылында грант саны 5 мыңға артады

Жаңалықтар
14.06.2021, 17:00

Студент, магистрант, докторанттардың шәкіртақысы өседі

Алдағы оқу жылында грант саны 5 мыңға артады

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі биыл грантқа түсуді жоспарлап отырған немесе мемлекет есебінен жоғары білім алып жатқандар үшін жақсы жаңалығын жариялады. Жаңа оқу жылынан бастап Білім және ғылым министрлігі білім гранттарының санын ұлғайтып, стипендия көлемін арттырып жатыр.

«2021-2022 оқу жылында гранттардың саны 5000-ға артады. Жаңа оқу жылынан студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артады, енді олар 31 мың теңгеден артық алатын болады. Ал, магистранттар мен докторанттар үшін стипендия көлемі 15%-ға жоғарылайды. Яғни, магистранттар 76 мың теңгеден артық, ал докторанттар 172 мың теңгеден астам шәкіртақы алады», - делінген хабарламада.

Жыл сайын Қазақстанда бакалаврға бөлінетін гранттар саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға жетпек.

Сұхбат

PhotoRoom