Олжас Бектенов шетелдік инвесторлармен кездесті

Рейтинг
24.11.2024, 17:13
Олжас Бектенов шетелдік инвесторлармен кездесті

Осы аптада Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар шет елдердің ірі компания басшыларымен кездесіп, бірлескен жобалардың іске асырылу барысын, сонымен қатар, жобаларды іске асыру кезеңінде шетелдік компанияларға көретілетін қолдаулар жайын талқылады.

Соның бірі, жыл басында Римде өткен Қазақстан-Италия дөңгелек үстелінің аясындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында ұйымдастырылған энергетика және мұнай-газ саласындағы жабдықтарды өндіруші италиялық компаниялардың басшыларымен өтті.  

Ansaldo Energia бас директоры Фабрицио Фаббримен кездесуде инновациялық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру шаралары талқыланды.

Бұл компания Алматы ЖЭО-3 үшін екі газ турбинасын өндіретін болады. Бірлескен ынтымақтастық газ турбиналы генераторлық қондырғылар үшін әртүрлі компоненттер өндіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ электр энергиясы саласындағы жоғары технологияларға қол жетізуге мүмкіндік береді.

Елімізде полиэтилен, тұрақты авиация отынын өндіру, бутадиен, сонымен қатар газ бөлу кешенін салу инвестициялық жобасын іске асыруға ниетті Maire Tecnimont компаниясының президенті Алессандро Бернинимен келіссөздер өтті. Онда көмірсутек шикізатын терең өңдеу, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды арттыру мәселелерін қарастырды.

Кездесулер қорытындысымен Олжас Бектенов қайта өңдеуге басты назар аударып, экономика құрылымын әртараптандырудың маңыздылығын, сонымен қатар Үкімет тарапынан шетелдік инвесторларға көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктерден хабардар етті.

Айта кету керек, жыл басында Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан-Италия инвестициялық дөңгелек үстеліне халықаралық деңгейдегі 30-ға жуық компаниялар қатысты.

Онда Қазақстанда құны 46 трлн болатын бес мыңнан астам барланбаған кен орындарының бар екендігі, сонымен қатар Еуропа Одағына мүше елдердің экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19-ы елімізде өндірілетіні айтылған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың басты көзі саналатын  энергетика саласына тоқталған Президент, италиялық компанияларды мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсетуге шақырып, елімізде инвесторларға, жалпы бизнесті қолайлы жүзеге асыруға кедергі келтіретін артық талаптарды анықтап, жойып, бүгінде инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге әзірлікті айтқан болатын.

Тағы бір маңызды кездесулердің бірі – америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры әрі президенті Аркадий Добкинмен өтті.

Келіссөздер барысында Олжас Бектенов пен Аркадий Добкин IT-білім беру, цифрландыру, еліміздің технологиялық экожүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастықты, жаңа бірлескен бизнес шешімдерді, зерттеу бастамаларын ашу жолдарын талқылады.

Бағдарламалық қамтамасыз ету және консалтинг саласындағы көшбасшы компания ретінде EPAM Systems Қазақстанның 17 өңірінде қызметтерін көрсетіп, мыңға жуық қызметкерлерді жұмыспен қамтуда.

EPAM Kazakhstan оқу орталығында 5 мыңнан астам азамат IT саласында білімдерін жетілдірсе,  Tech Orda бағдарламасы арқылы компания 700-ден астам студентке Java, Python және Data Engineering бағдарламаларымен жұмысты үйреткен. Оқыту бағдарламалары биылғы жылы да қолға алынып, оқытуға 300 студент таңдалып алынған.

Аркадий Добкин Қазақстанда инвесторларға қолайлы ахуал жасалғанын атап өтіп, цифрландыру, жаңа технологияларды тарту бойынша бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Өз кезегінде Олжас Бектенов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне қажетті қолдауды көрсетіп, жобаларды сүйемелдеуге жәрдемдесуді тапсырды.

Айта кету керек, Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу қарқынды дамуда.

Тек соңғы 5 жылда  IT-қызметтер экспортының көлемі 30 млн доллардан 600 млн долларға жеткен. Дегенімен Қазақстан бұл бағытта тоқтап қалмай, саланы дамыту бойынша инвесторларды тартуды жалғастыра бермек.

Сұхбат

PhotoRoom