Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі: Қазақстан Португалия, Испания, Ресейден озды

Рейтинг
18.06.2021, 12:51

Қазақстан 2020 жылғы рейтингпен салыстырғанда 7 тармаққа көтерілді

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі: Қазақстан Португалия, Испания, Ресейден озды

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) 2021 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижесін жариялады.

IMD рейтингі – келесі факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі: «Экономикалық қызмет», «Үкімет тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым». 2021 жылы зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Рейтингте жетекші орынға Швейцария ие. Үздік бестікке Швеция, Дания, Нидерланды және Сингапур елдері енді.

2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан 2020 жылғы рейтингпен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленді. Қазақстан Португалия (36 орын), Индонезия (37 орын), Латвия (38 орын), Испания (39 орын), Словения (40 орын), Үндістан (43 орын), Ресей (45 орын), Түркия (51 орын) сияқты елдерден алда келеді.

Биыл Қазақстан рейтингтің барлық факторлары бойынша өз позициясын жақсартты.

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан өз позициясын 8 тармаққа жақсартып, 21 орынға тұрақтады. Жақсару барлық 5 субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі, атап айтсақ: Мемлекеттік қаржы – 19 орын (4 позицияға жақсарды), Салық саясаты – 5 орын (11 позицияға жақсарды), Институционалдық орта – 46 орын (4 позицияға жақсарды), Бизнес туралы заңнама – 25 орын (3 позицияға жақсарды) және Қоғамдық құрылыс – 29 орын (9 позицияға жақсарды).

«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан позициясының 6 тармаққа – 28 орынға дейін жақсарғаны байқалады. Осы фактор аясында 4 субфактор бойынша көрсеткіштер жақсарды. Қазақстанның «Еңбек нарығы» субфакторы бойынша позициясы – 20 орын (12 позицияға жақсарды), «Қаржы» – 46 орын (1 позицияға жақсарды), «Менеджмент практикасы» – 13 орын (6 позицияға жақсарды), «Қатынастар мен құндылықтар» – 23 орын (6 позицияға жақсарды).

«Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан үш позицияға көтеріліп, 45-орынға жайғасты. Жақсару барлық бес субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі: «Ішкі экономика» – 37-орын (4 позицияға жақсарды), «Халықаралық сауда» – 58-орын (2 позицияға жақсарды), «Сыртқы инвестициялар» – 47-орын (1 позицияға жақсарды), «Жұмыспен қамту» – 24-орын (9 позицияға жақсарды) және «Бағалар» – 13-орын (3 позицияға жақсарды).

«Инфрақұрылым» факторы бойынша Қазақстан төрт позицияға көтеріліп, 47-орынды иеленді. Үш субфактор бойынша позицияларды көтеру жақсы нәтиже көрсетті: «Базалық инфрақұрылым» – 25-орын (6 позицияға жақсарды), «Ғылыми инфрақұрылым» – 57-орын (1 позицияға жақсарды), «Денсаулық сақтау және қоршаған орта» – 55-орын (2 позицияға жақсарды).

Респонденттердің пікірінше, Қазақстан экономикасының неғұрлым тартымды бес факторының қатарына қолайлы бизнес-орта (респонденттердің 60%-ы), экономиканың серпінділігі (46,4%), қаржылық жағдайға қолжетімділік, саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы (42,7%) және салық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі жатады (40,9%).

Бұған дейін Boston Consulting Group Sustainable Economic Development Assessment 2021 (08.06.2021 ж) жаңартылған зерттеуі шеңберінде Қазақстан экономикасының экономикалық орнықтылық, инфрақұрылым сапасы, мемлекеттік институттар мен қызметтер сияқты көрсеткіштері бойынша бағалауын арттырды.

Сұхбат

PhotoRoom