Жаңа штамм: Асқар Мамин карантин шараларын күшейтуді тапсырды

Жаңалықтар
22.06.2021, 10:54

Елордада коронавирустың «үнді» штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталды

Жаңа штамм: Асқар Мамин карантин шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауға алынған.

Вирустың репродуктивтік индексі 1 құрайды, инфекциялық төсек орындар 25%, реанимациялық төсек орындары 21% толы. Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр, «сары аймақта» 5 өңір: Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 11 өңір – «жасыл аймақта».

Бүгінгі таңда 2,8 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 1,7 млн-нан астамы екінші компонентін алды.

Премьер-министр елордада коронавирустың «Дельта» штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отқанын, оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршитінін және салдары анағұрлым ауыр екенін атап өтті. Үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Ведомствоаралық комиссияға елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Жалпы, Қазақстандағы жағдай тұрақты болғанына қарамастан, көрші мемлекеттердегі жағдай нашарлай түсуде. Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға және вакциналау қарқынын арттыруға ерекше назар аудару қажет», - деді Асқар Мамин.

Сұхбат

PhotoRoom