Гүлсім Асфендиярова – Орталық Азиядағы жоғары білімі бар алғашқы әйел дәрігер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы және педагог

Рейтинг
04.12.2024, 20:33
Гүлсім Асфендиярова – Орталық Азиядағы жоғары білімі бар алғашқы әйел дәрігер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы және педагог

Осындай тақырыппен Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде халықаралық ғылыми конференция және көрнекті әйел дәрігер Гүлсім Асфендиярованың өмірі мен қызметіне арналған фотокөрме ашылды.

Бұл іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, әріптестікті ұлғайтуға үлесін қосты.  

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті екі елдің Денсаулық сақтау министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырған іс-шараға жетекші медициналық университеттер мен ғалымдары, студенттер, журналистер қатысты.

Конференцияны Қазақстан Елшісі Бейбіт Атамқұлов ашып, Гүлсім Асфендиярованың өмірі мен қызметі айтылды.

ХХ ғасырдың басында әйел үшін білім алу үлкен жетістік болатын. Ал сол жетістікке қазақ әйелдерінен шыққан алғашқы әйелдердің бірі болған Гүлсім Асфендиярова 1880 жылы дүниеге келіп, Орталық Азияның Санкт-Петербургтегі әйелдер медициналық институтында біліп алып, 30 жасында дәрігерлік қызметін бастаған.

Іш сүзегі мен тырысқақ ауруларымен күресіп, тұрғындарға санитария мен гигиена шараларын енгізіп, ең қиын жағдайларда халыққа көмек көрсеткен.

1913 жылы Ташкент қаласындағы әйелдер босанатын үйдің бас дәрігері, 1920 жылы Ташкент қаласында мұсылмандар ұйымының Түркістан өлкелік бюросының өтінішімен жергілікті халықтардан шыққан әйелдер үшін акушерлік мектеп ұйымдастырып, сол мектептің меңгерушісі және оқытушысы болған. Кейіннен бұл мектеп Ю.Ахунбабаев атындағы медициналық техникумға қосылып, жас мамандарды даярлаудың, оқытудың маңыздылығын түсініп, өмірінің соңына дейін сонда дәріс берген.

Медицина саласында әйелдерді кәсіпке адал болуға шабыттандырып, үздіктердің үлгісі болды.

Конференцияда С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов,Университеттің тарих мұражайының директоры Бақанай Амантаев, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің ректоры Нұрлан Жайнақбаев, Ташкент педиатриялық медициналық институтының ректоры Ботир Даминов, қазақстандық журналист, кинорежиссер Әлия Әшім сөз сөйледі.

Ташкенттің Боткин зиратында Гүлсім Асфендиярованың құлпытасы орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы Санжар Асфендияровтың 135 жылдығын мерекелеуге орайластырылды.

Іс-шараға екі елдің жоғары оқу орындарының басшылары, шетелдік дипломаттар, медицина саласының жетекшілері қатысты.

Санжар Асфендияров пен Гүлсім Асфендиярова елімізде медициналық даярлау курстарын ұйымдастырып, алғашқы ауруханаларды ашуға көмектескен.

Олардың оқыту курстарының нәтижесінде дәрігерлер саны, атап айтқанда тіс дәрігерлерінің саны 32-ге, медициналық көмекшілердің саны 494-ке, медбикелер саны – 120, акушерлер саны 100-ден асқан.

Гүлсім Асфендиярова әйелдерге медициналық көмектің маңыздылығын жете түсініп, жеке перзентханасын ашып қана қоймай, акушерлік курстар ұйымдастырып, бірқатар білікті әйел әкушерлердің шығуына септігін тигізген.

Медициналық қызметімен қатар қоғамдық жұмысқа белсене қатысып, қалалық кеңестерде мүшелік еткен.

Салтанатты іс-шараға қатысушылар адамдардың жадында Гүлсім мен Санжар Асфендияровтар туралы естелік қалдыру үшін, бұл  ескерткіштің маңыздылығын бір ауыздан қолдады.

Сұхбат

PhotoRoom