Қызметкерлері вакцина алған елордалық компаниялардың саны көбейіп келеді

Аймақ
16.07.2021, 16:16

Белгілі құрылыс компаниясының қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қызметкерлері вакцина алған елордалық компаниялардың саны көбейіп келеді

Нұр-Сұлтан қаласында қызметкерлері вакцина алған компаниялар қатары артып келеді. Бүгін бас қалада «G-Park» ЖШС құрылыс компаниясының қыметкерлері иммундаудан өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бір жылдан астам уақыттан бері біз көзге көрінбейтін жаумен күресіп келеміз. Әрине, медицина бұған үлкен күш жұмсады. Ақыры біз басты қаруымызға айналған вакцинаға қол жеткіздік. G-Park құрылыс компаниясының негізгі басымдықтарының бірі – қызметкерлердің денсаулығы және олардың қауіпсіздігі. Құрылыс үлкен механизм болғандықтан ол біртіндеп жұмыс істеуі керек. Әр адамның жұмысы кеңседе де, құрылыс алаңында да маңызды және құнды. Сондықтан біз вакцинацияға оң көзқараспен қараймыз және қызметкерлерімізге осы вакцинаны алудың маңыздылығын түсіндіреміз», — деді құрылыс жөніндегі директор Төлеген Рахметов.

Жалпы G-Park компаниясының мақсаты – әлемдік және отандық озық тәжірибені, сондай-ақ қауіпсіз құрылыс технологияларын пайдалана отырып, ғимараттар салу.

«Мен G-Park құрылыс компаниясында заңгер болып қызмет етемін. Бүгін CoronaVac-тың екінші компонентін қабылдадым. Алғашқы компонентінде де, қазір де ешқандай жанама әсер болған жоқ. Өзімді жақсы сезінемін. Біз ауқымды компанияда жұмыс істегендіктен жұртпен жиі қарым-қатынаста боламыз. Сол себепті өзіміз бен өзгелердің денсаулығы үшін вакцина алу міндетіміз деп есептеймін», — дейді Зергүл Есмағамбетова.

Сұхбат

PhotoRoom