Абай шығармаларын шетелде де насихаттауымыз керек - Тоқаев

Рейтинг
10.08.2021, 17:26

10 тамыз - Абай күні 

Абай шығармаларын шетелде де насихаттауымыз керек - Тоқаев

Бүгін Қазақстанда қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы және композитор Абай Құнанбаевтың құрметіне Абай күні атап өтіліп жатыр.

Абай күні 2020 жылы бекітілді, былтыр қазақтың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойы болды. 5 тамызда бұл күн ресми мерекелер тізіміне енгізілді. Өткен жылы Қазақстанда Абай күні тұңғыш рет атап өтілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне қатысты Twitter желісінде жазба қалдырып, ұлы ақынның шығармашылығын шетелде де насихатталуы керек екенін айтты.

«Бүгін  – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның  шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», - деп жазды Президент.

2020 жылдың 9 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды.

Сұхбат

PhotoRoom