Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Жаңалықтар
31.08.2021, 15:11

Жамбыл облысындағы жарылыстан соң Нұрлан Ермекбаев қызметінен босатылды

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі лауазымына Мұрат Кәрібайұлы Бектанов тағайындалды.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады.

Айта кетейік, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 15 адамның өліміне әкеп соққан Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Министр бұл туралы 27 тамызда өткен брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

Жарылыс салдарынан 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.

Мұрат Бектанов 2019 жылдан бері ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы қызметін атқарып келді.

Сұхбат

PhotoRoom