Байзақтағы жарылыс: қаза тапқандардың саны 16 адамға жетті

Аймақ
07.09.2021, 15:20

Оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы ауруханада көз жұмды

Байзақтағы жарылыс: қаза тапқандардың саны 16 адамға жетті
Марқұм Ерлан Қырғызәлиев

7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаты салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі (1983 жылы туған) - капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. Ерлан Қырғызәлиев - қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 16 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Қаза болғандардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар.

Бірнеше адамның өліміне әкелген жарылыстан кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі лауазымына Мұрат Кәрібайұлы Бектанов тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom