Қытайда дүниежүзілік кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту жөніндегі конференция өтті

Рейтинг
16.12.2024, 17:58
Қытайда дүниежүзілік кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту жөніндегі конференция өтті

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау жүргізіп, ұйымдардағы студенттерге қолдау көрсету мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығын құру жоспарланған. Бұл орталық білім беру ұйымдары мен бизнес арасындағы сұхбаттасу алаңына айналып, студенттерді халықаралық шеберлік жарыстарына даярлап, жұмысшы мамандықтардың рөлін арттыру бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

Осы тұрғыдағы орталықтар Ресей, Қытай, Оңтүстік Кореяда ашылып, өзінің тиімділігін көрсеткен болатын.

Сондықтан да, аталған бағыттағы үздік халықаралық тәжірибемен танысу мақсатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, бірқатар кездесулер өткізді.

Министр студенттерге заманауи өндірістік және цифрлық технологияларды меңгеруге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтармен, оқу материалдарымен жабдықталған Лу Бань шеберханасының жұмысымен танысып, бұл тәжірибені Қазақстанда орталықты ашу кезінде қолдану мүмкіндігін қарастырды.

Ғани Бейсембаев Тяньцзиньде бірқатар жетекші колледж басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізіп, мамандарды даярлау бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.

Одан бөлек, министр 48 елдің министрлері қатысқан Дүниежүзілік кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту жөніндегі конференцияда сөз сөйлеп, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің маңыздылығынан хабардар етті.

Министр елімізде колледжерді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен заңнамалық нормалардың жүзеге асырылуына және де студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыстардан хабардар етті.

Жұмыс сапары аясында Ғани Бейсембаев Қытайдың білім министрі Хуай Цзиньпэнмен екіжақты кездесу өткізіп, мемлекеттер арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелері мен перспективаларын талқылап, білім беру бойынша тәжірибе алмасу мәселесін қарастырды.

Сондай-ақ, білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде тәжірибе алмасу мақсатында Ғани Бейсембаев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.

Жалпы айтқанда, мемлекеттің қолдауының, халықаралық тәжірибелер алмасудың нәтижесінде білім саласында оң өзгерістер өте көп. Соның бірі, оқушылардың халықаралық сайыстарда жүлделі орын алуы.

Мәселен, Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасына (IJSO) елімізден 6 оқушыдан құралған құрама қатысып, сайыс қорытындысымен алты медальді иеленді.

Бұл жарысқа 60 елден 360 оқушы қатысып, биология, химия, физика пәндерінен сайысқа түскен болатын.

15 жасқа дейінгі халықаралық ғылыми сайыс 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Былтыр да қазақстандық 6 оқушыдан тұратын құрама толығымен жүлдегер атанған болатын.

Елімізде білім саласын дамыту мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді.

Сұхбат

PhotoRoom