«Маңғыстаумұнайгаздың» экс-директоры 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Аймақ
28.09.2021, 14:28

Қолма-қол ақшаны заңсыз алу схемаларын ұйымдастырған тағы бірнеше адам сотталды

«Маңғыстаумұнайгаздың» экс-директоры 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен ақша қаражатын жымқыру дерегінің жолын кесті.

Тергеу барысында 2017-2018 жылдары «ММГ» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Д.Бейсембин және оның орынбасары А. Дәуленбаева жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілеуші құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызмет көрсеткені үшін Д.Лисовой және А. Юндтпен жалған шарттар жасағандығы анықталды.

«Бұл ретте, АҚ-ның 700-ден астам жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттары Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған және оларды қалпына келтіру қажет болмаған. Құжаттардың көшірмелері тегін ұсынылады.

Осылайша, АҚ шоттарынан қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында Д.Лисовойдың атына негізсіз 455 миллион теңгеден астам қаражат аударылды. Көрсетілген қызметтер үшін Д.Лисовой мен А. Юндт әрқайсысы 10 миллион теңгені иеленді», - делінген хабарламада.

Кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сұхбат

PhotoRoom