Ауыл шаруашылығы Шығыс Қазақстан экономикасының күретамыры!

Рейтинг
18.12.2024, 16:57
Ауыл шаруашылығы Шығыс Қазақстан экономикасының күретамыры!

Биыл дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі 25%-ға өсті. Бұл экспорттың ұлғаюына ықпал етті. Атап өтерлік тағы бір жайт өңделген өнімдердің экспорты бір жылда 37,6%-дан 65,5%-ға дейін өскен.

Облыстың экспорттық әлеуетін көтеру үшін жыл бойы халықаралық шаралар шеңберінде экспортқа өсімдік майын тасымалдауға бірнеше ірі келісім-шарт бекіттік,-деп атап өтті Е.Көшербаев.

ҚХР халықаралық көрмесінде «ВостокЭкоЛайн», «Сей-Нар» және «Янтарь УК» компаниялары $11 млн келісім-шартына қол қойды.

Самарқанда өткен 4-інші «Қазақстан-Өзбекстан» халықаралық ынтымақтастық форумында 12 млн долларға келісім-шарт жасалды.

Шанхайда өткен 7-ші Қытайлық халықаралық импорт көрмесінде B2B-келіссөздердің нәтижесінде «Восток сельхоз продукт» пен қытайлық компания тағы $3 млн келісім-шарт жасады.

Сүтті мал шаруашылығына келсек, жыл соңына дейін Шемонаиха, Ұлан және Алтай аудандарында  жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша өнімділігі жылына 40 мың тоннаға жуық 6 ірі сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарланған.

Соңғы жылдары балықтардың популяциясын қалпына келтіру  қолға алынды. «OstFish» компаниясы жас бекірені жасанды бассейнде жетілдіріліп, қалыптасқан табиғи ортасына қайтарумен айналысып жүр. 

Биылғы экологиялық акция аясында Қара Ертіске 23 мың бас сібір бекіресі қайтарылды.

#жыл_қорытындысы_шқо #итоги_года_вко #итогигода #итогигодавко #жылқорытындысышқо #шқо #вко #Шығыс_Қазақстан_облысының_әкімдігі #Акимат_Восточно_Казахстанской_области

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom