Жыл басында 350 елді мекеннің 339-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни ауыл халқының 97,2%-ы таза суға қол жеткізген.
Мемлекет басшысының 100%-дық сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі тапсырмасын орындау мақсатында 21,2 млрд. теңге көлемінде 16 жоба жүзеге асырылуда, оның 7-сі 5,2 млрд. теңгеге дейінгі қаржы қарастырылып, биылдың соңына дейін аяқталады.
Жыл қорытындысы бойынша ауыл халқының сумен қамтамасыз етілу деңгейі 98,5%-ды құрайды (1,3%-ға өсу; ҚР – 97,8%, 239,5 мың адам), ал елді мекендер бойынша 98,5%-ды (2,4%-ға өсу; 350-ден 345 СНП-ға дейін).
Жалпы халықтың сумен қамтылу деңгейі 99,4%-ды құрайды (0,4%-ға өсу, ҚР – 98,6%), оның ішінде қала тұрғындарының 99,9%-ы (ҚР – 99,5%, 483,4 мың адам).
#жыл_қорытындысы_шқо #итоги_года_вко #итогигода #итогигодавко #жылқорытындысышқо #шқо #вко #Шығыс_Қазақстан_облысының_әкімдігі #Акимат_Восточно_Казахстанской_области