Судья LRT ісі бойынша сот үкімінің күшін жойды

Құқық
07.10.2021, 11:12

Айыпталушыларды «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

Судья LRT ісі бойынша сот үкімінің күшін жойды

Нұр-Сұлтан сотының сот алқасы елордада LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру дерегі бойынша айыпталушыларға қатысты үкімді жойып, заңбұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарды.

«Сот алқасы қаулы етті: қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 28 мамырдағы Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов, Дәурен Әбдіхамитовке қатысты үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басты сот талқылауына кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтары мен нормаларын жою үшін қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылды», - деп Абай Көкжалов Нұр-Сұлтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьясының шешімін оқыды.

Айыпталушыларды «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

Еске салайық, биыл 28 мамырда Astana-LRT ісі бойынша бірнеше адамға сот үкімі шықты.

Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болды.

Қалалық мәслихаттың экс-депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді, ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Astana Innovations АҚ бұрынғы басқарма төрағасы болған Талғат Әшім жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

ЖШС өкілі Ұлықбек Ачилов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Мердігердің өкілі Дәурен Әбдіхамитов заңсыз жолмен алынған басқа тұлғалардың меншігіндегі мүлікті тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мердігер өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мердігердің өкілі Тимур Қасабаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылардың көбі кінәсін мойындаған жоқ.

Нұр-Сұлтанда LRT салу кезіндегі ақша жымқыру іс бойынша сот 2020 жылдың қазанында басталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпараты бойынша, қылмыстық схеманы сол кездегі әкімнің орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» басшысы Талғат Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялар көмегімен ұйымдастырған. Екеуіне де халықаралық іздеу жарияланған.

Талғат Ардан 2014 жылдан 2017 жылға дейін «Астана LRT» төрағасы болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, ол ұрлық дерегі анықталғанға дейін елден кетіп қалған.

Тегтер:
Astana LRT

Сұхбат

PhotoRoom