Жайық өзені тартылып жатыр: Экология министрлігі қандай шара қабылдап жатқанын айтты

Аймақ
19.10.2021, 11:14

Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап Жайық өзеніндегі су ағынының көлемі біртіндеп азайып келеді

Жайық өзені тартылып жатыр: Экология министрлігі қандай шара қабылдап жатқанын айтты

Соңғы жылдары Жайық (Орал) өзені суының азаюына байланысты оның экологиялық жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап Жайық өзеніндегі су ағынының көлемі біртіндеп азайып келеді. ҚР Экология министрлігіне қарасты Трансшекаралық өзендер департаментінің хабарлауынша, мұның бірнеше себебі бар.

«Біріншіден, бұл Жайық өзенінің бассейнінде аз сулы кезең циклінің басталуына байланысты. Бұл өзендердегі су деңгейінің төмендеуінің артуына, бассейндегі ағынды реттеуге, жерді жыртуға және орманды кесуге байланысты өзеннің гидрографиялық желісінің нашарлауына әсер ететін климаттық факторлар», - деп хабарлайды.

Жайық өзені бассейніндегі су жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін Ресей тарапымен Жайық өзенінің гидрологиялық режиміне бірлескен зерттеулер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Осы мақсатта 2020 жылғы қазанда ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың Бірыңғай жол картасы және оның тармақтарының орындалу мерзімдері мен оларды ұйымдастыру нысандарын нақтылаумен іс-шараларды іске асырудың жұмыс кестесі бекітілді. Қазір қазақстандық және ресейлік сарапшылар бірыңғай Жол картасын жүзеге асыруға кірісті.

Бірыңғай Жол картасындағы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде Жайық өзенінің гидрологиялық режимін және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданбақ.

Сұхбат

PhotoRoom