Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Рейтинг
21.12.2024, 18:54
Денсаулық  сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық шет елдермен, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктермен денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды, бірлескен кездесулер, іс-шаралар мен халықаралық сипаттағы келісімшарттарға тұруды қамтиды.

Тек соңғы екі айда республикамыздың Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шет елдердің дипломаттары мен сала министрлерімен кездесіп, халықаралық кеңестерге қатысып, келіссөздер жүргізді.

Мәселен, министр Ақмарал Әлназарова медицина және фармацевтика салаларын дамыту, мамандарды даярлау және оқыту, тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті.

Кездесу қорытындысымен бұл салада заманауи технологияларды меңгеру, тәжірибе алмасу бойынша бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруға келісіп, Қазақстан мен Венгрия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы министрлікпен келісімге қол қоюды талқылады.

Денсаулық сақтау министрінің USAID денсаулық сақтауды басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жан-Жак Фреремен кездесуде халық денсаулығын сақтауды жақсарту, саладаға заманауи технологияларды енгізу, дәрілік заттардың қолжетімділігі мен мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу бойынша іс-қимыл мәселелерін қарастырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) инфекциялық аурулар, қоршаған орта және денсаулық бөлімінің директоры Робб Батлермен кездесуде елімізде «Туберкулез індетін жоюға арналған ДДҰ үздік практикалар орталығының» ашылуын талқылады.

Бұл еуропалық бюро ұсыныстары негізінде өлім деңгейін төмендетіп, инфекцияны емдеудің жаңа тәсілдерін ұсынатын болады.

Бұл тақырыпты Робб Батлер бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан Астанада өткен «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-әрекеті арқылы мүмкін болатын шешімдер» атты екінші әріптестер форумында да көтеріп, Арал маңындағы халықтың денсаулығына кері әсер ететін проблемаларді шешуде елдің бастамаларына қолдауға дайындығын жеткізді.

Форум аясында қатысушылар адамзат денсаулығына зиян келтіретін экологиялық проблемалардың алдын алу жолдарын қарастырып, осы бағыттағы бірлескен іс-қимылға келісті.

Ресей Федерациясының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Анна Поповамен кездесуде санитариялық-эпидемиологиялық саладағы ынтымақтастықты дамыту, адамға қауіп төндіретін инфекциялармен күресу, бұл бағыттағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зертханалық диагностикалау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкомен кездесуде денсаулық сақтау саласына заманауи цифрлық технологияларды енгізу, бірқатар ауруларды емдеуде тәжірибелермен алмасу, кадрлау даярлау саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Одан бөлек, ресейлік делегацияға жылына 10 мыңға дейін жүрек операциялары жасалатын UMC жүрек орталығының бөлімшелерінің қызметтері мен Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы таныстырылды.

Сонымен қатар, Ұлттық нейрохирургия орталығының, жаңа көпбейінді ауруханамен, Медициналық авиацияның қызметімен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынымақтастықты дамыту бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Санкт-Петербургтегі ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXVII отырысы өтіп, онда денсаулық сақтау саласында ілгерілеу жолдары, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігі, туберкулезбен күресу жолындағы бірлескен іс-қимылдарды талқылады.

Осыдан 30 жыл алдын құрылған кеңестің құрамына Қазақстан, Беларусь, Армения, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.

Кеңес отырысына қатысқан қазақстандық делегация еліміздің медицина саласындағы жетістіктерден, денсаулық сақтау саласындағы заманауи стандарттарды енгізуге байланысты нәтижелерден хабардар етті.

Қазақстанның келесі жылы өтетін кеңес отырысын ТМД елдеріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек жылы деп жариялау туралы бастамасын барлық қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Кеңестің XXXVII отырысы шеңберінде делегация «Герофарм» фармацевтикалық компаниясының өндірістік алаңына барып, гендік-инженерлік инсулиннің үздік жетекші ресейлік фармацевтикалық өндірушілерінің қатарына кіретін биотехнологиялық препараттарды шығару жөніндегі ұлттық компанияның жұмысымен танысты.

Тәжікстаннан келген делегация босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге медициналық қызмет көрсету бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанға келіп, Түркістан, Алматы, Шымкент қалаларындағы денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысымен танысты.

Қазақстандық делегацияның Францияға сапары барысында, екі ел арасындағы медициналық қызметтердің сапасын жетілдіру, цифрландыру мен телемедицинаны жақсарту, фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасу, мамандар даярлау бағыттарында бірлескен мүмкіндіктерді қарастырды.

Сонымен қатар, Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің 13-ші отырысында екі елдің министрліктері денсаулық сақтау және профилактика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі декларацияға қол қойса, мемлекеттердің осы саладағы ұйымдарының арасында 12 құжатқа қол қойылды.

Одан бөлек, сапар барысында вице-министр Тимур Мұратовтың Франция Республикасының Денсаулық сақтау және алдын алу министрі Женевьева Дарьёсэкпен кездесуі өтіп, кадрлық әлеуетті арттыру, медициналық қызметтерді цифрландыру, бұл саладағы қазақ-француз ынтымақтастығын нығайтуды талқылады.

Халыққа халықаралық стандарттарға сай келетін медициналық көмек көрсету мақсатында бірқатар француздық медициналық ұйымдардың қызметімен танысып, келіссөздерге қол қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстанда онкологиялық өлім көш бастап тұр. Осы ретте, аурудың алдын алу, бастапқы кезеңдерін дереу анықтау, әлемдік стандарттарға сай диагностика мен қауіпсіз ем алуға мүмкіндік беру, науқастардың өмірін ұзарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Түркияның «Orhun Medical» компаниясымен онкологиялық аурулардың алдын алу, емдеу, диагностиканың сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Оның аясында ПЭТ/КТ, БФЭКТ/КТ үшін Алматы қаласында жаңа ғимарат салып, арнайы жабдықпен жарықтандыру көзделген.

Осы тұрғыдағы жаңа орталықтар Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен, Ақтауда да құрылатын болады.

Алматыда ашылатын Тераностика орталығы МРТ, КТ, ультрадыбыспен анықтау қиын онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтап, дұрыс ем қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда жылына 35 мыңнан астам адам обырға шалдығып, 14 мыңнан астамы қайтыс болса, есепте 200 мың адам тұрады.

Осы себептен де Қазақстан бұл аурудың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтіп, диагнозды ерте кезеңнен бастап анықтау бойынша шұғыл шаралар қабылдамақ.

Сұхбат

PhotoRoom